Дәурен Абаев әдебиет саласындағы жаңа жобалар туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2023 жылдан бастап қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін арнайы Президенттік әдеби сыйлық тағайындалады. Бұл туралы Павлодар облысында халықпен кездесу барысында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Енді 18 жастан 29 жасқа дейінгі авторлар жоғары марапатқа ие бола алады.

Сондай-ақ министр жас әдебиетшілерді қолдау бойынша жүзеге асырылып жатқан басқа да жобалар туралы айтып берді.

«Біз «Жаңа қазақ әдебиеті« атты жаңа жобаны қолға алдық. Оның аясында дарынды жас авторлардың кітаптары 3 мың дана таралыммен басып шығарылады. Бұл жұмыс жас ұрпақтың жаңаша ойлау жүйесін дамытуға көмектеседі, олардың шығармашылық көңіл-күйі мен инновациялық идеяларын қолдайды. Сонымен қатар қазір жалпы жүлде қоры 35 млн теңгені құрайтын «Айбоз« тұңғыш ұлттық әдеби сыйлығына өтінімдер қабылдау жүріп жатыр. Осылайша біз әдебиетімізге жаңа туындылардың қосылуына ықпал етіп, қаламагерлер мен баспагерлерді қолдаудың жаңа тетіктерін қалыптастырамыз», - деді Дәурен Абаев.


Фото: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі




Соңғы жаңалықтар