+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

Дәурен Абаев «100 жаңа есім» жобасы не үшін керектігін түсіндірді

2019 жылғы 30 қыркүйек 13:25
Бөлісіңіз:
Дәурен Абаев «100 жаңа есім» жобасы не үшін керектігін түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы не үшін керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда 13 көшенің аты өзгермек Созақ ауданында таңбалы тас қайта жаңғыртылды Ақтөбеде республикалық әдеби форум өтті

Ведомство басшысы «100 жаңа есім» жобасы Тәуелсіздік жылдарында елімізге оң ықпалын тигізген азаматтарды насихаттау, олардың еңбек тәжірибесін таныстыру мақсатында ұйымдастырылғанын еске салды.

«Осы жоба арқылы түрлі салада Қазақстанда дарынды жастар бар екенін көрсеткіміз келеді. Бүгінде олардың табысты тәжірибесі көптеп кездеседі. Өкінішке қарай, күнделікті өмірдегі қарбалас жұмыстармен осы адамдарды байқамай жүруіміз мүмкін. Сондықтан бұл адамдардың табысты еңбек тәжірибесімен мақтан тұтатынымызды көрсеткеніміз жөн», - деді Д. Абаев елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда министр «100 жаңа есімге» лайықты адамдар жайында көбірек айту артық болмайтынын, осы адамдар қиындықты қалай еңсергені баршаға үлгі екенін жеткізді.

«Осы адамдардың өмір жолы өскелең үрпақты ынталандыруы керек, яғни үлгі болуы тиіс. Бұл тұрғыда көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін үлгі болатыны анық. Өйткені аталған жобаға қатысушылардың көбісі көпбалалы отбасылардың тәрбиесінде болды. Олар бүгінде түрлі салада елеулі табысқа жетіп отыр», - деді Д. Абаев.

Бұдан бұрн хабарланғандай, 2019 жылдың 1 қазанынан бастап 100janaesim.ruh.kz сайтында «Қазақстанның 2019 жылғы 100 жаңа есімі: жас қазақстандықтардың табыс тарихы» жобасына өтінімдер қабылдау басталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT