Дәулет Ергеш еркін күрестен әлем чемпионатында күміс жеңіп алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дәулет Ергеш 23 жасқа дейінгі санатта еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Спорт Шредингера» Telegram-каналына сілтеме жасап.

Ақтық сында 79 келіге дейінгі салмақта қазақстандық грузин балуаны Владимир Гамкрелидзеден 3:5 есебімен жеңіліп қалды.

Ергеш жартылай финалда америкалық спортшы Картер Староччиді 8-7 есебімен жеңді.

Бұған дейін грек-рим стиліндегі қазақстандық балуан Олжас Сұлтан 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік біріншіліктің қола медалін жеңіп алған болатын.

Жастар арасындағы әлем чемпионаты Испанияның Понтеведра қаласында өтіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар