Дәулет Бекманов Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

None
Фото: gov.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Дәулет Нысанқұлұлы Бекманов берген өтінішіне сәйкес ЦДИАӨМ Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәулет Бекманов 1983 жылы дүниеге келген. Ол «Мирас» университетін, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын Еңбек жолын жеке ұйымда инженер-жүйе технигі қызметінен бастады.

Әр жылдары «ҰАТ» АҚ, Байланыс және ақпарат, Көлік және коммуникациялар, Инвестициялар және даму министрліктерінде жұмыс істеді.

2018-2020 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы қызметін атқарды.


Соңғы жаңалықтар