+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Дәулет Байделдінов бейбіт жиналыстар туралы жаңа заң жобасы жөнінде: Барлық кемшіліктер жойылады

2020 жылғы 17 ақпан 14:16
Бөлісіңіз:
Дәулет Байделдінов бейбіт жиналыстар туралы жаңа заң жобасы жөнінде: Барлық кемшіліктер жойылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің деканы, профессор Дәулет Байделдінов «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» заң жобасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен спикерлерге айтқым келеді, сіздер қазір қолданып жүрген бір заң арқылы шешкіңіз келетін мәселелерді шешпейтінін жақсы түсінесіздер. Сондай-ақ, мен заң жобасы Парламентке ұсынылған кезде заңгерлер жан-жақты қарастыратынын айтқым келеді. Барлық ескертулер жойылады, өйткені жаңа заң жобасының 7-бабы, 20-бабы және басқа да баптар қолданыстағы заңмен реттелген», - деді Дәулет Байделдінов заң жобасының тұжырымдамасын Алматы тұрғындарымен талқылау кезінде.

Сондай-ақ, ол заң жобасында митингілерден бас тарту үшін нормативтік дәлелді күшейту керектігін атап өтті.

«Митингілерді өткізетін кезде ашық айту керек: қай жерлерде өткізуге болады, қай жерде рұқсат бар, қай жерде рұқсат жоқ және тағы басқаларын. Содан кейін, біз жалпы келісімге келеміз. Митингіге тек үкіметке қарсы бағытталған шара ретінде қарауға болмайды. Сондықтан, бейбіт шерулер мен демонстрацияларды да қарастырайық», - деді ол.

Айта кетейік, бүгін Алматыда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың азаматтық белсенділермен кездесуі өтті. Онда бейбіт шерулерді өткізу және ұйымдастыру тәртібі жөніндегі ҚР заңын жетілдіру мәселесі қаралды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT