Дәстүрлі емес медицина нарығын тәртіпке келтіру қажет - депутат

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ахмед Мурадов дәстүрлі емес медицина нарығын тәртіпке келтіру қажет деп есептейді. Бұл туралы ол бүгін төменгі палатаның жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде дәстүрлі емес медицина нарығы өте үлкен. Оған қытай, ислам, қасиетті су, емдік батпақ сынды медицина кіреді. Ол жерлерде емделген адамдармен де кездестім. Ол жақта не бақылау, не нормалау не басқару жоқ. Қаржы айналымы қандай екендігін ұсынатын біреу бар ма әлде жоқ па? Бірақ, өте қымбат төлем жасайды. Нәтижелері де сорақы болатын жағдай жиі кездеседі. Жағдайы нашарлағанда ғана кепілдендірілген медицинаға жүгінеді», - деді Ахмед Мурадов.

Оның атап өтуінше, бұл салада бақылау мүлдем жоқ және мұндай «емшілердің» саны қанша екендігін де ешкім білмейді. Сондықтан да бұл саланы сәйкесінше мемлекеттік органдар, оның ішінде Денсаулық сақтау министрлігі бақылауға алуы тиіс.

«Бұл мәселені Денсаулық сақтау министрлігі қаперге алуы қажет. Ресми медицинамен соттасуға болады, ол олармен мән-жайды анықтай да алмайсың. Мұны қалай дегенде зерделеу қажет және қажет болса бүкіл қоғамды жұмылдырған жөн», - деді Мәжіліс депутаты.

Соңғы жаңалықтар