+7 (701) 759 90 19
USD 429.59 EUR 507.3
RUB 5.62 CNY 64.1
Jańalyqtar

Дастан Рыспеков Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып тағайындалды

2020 жылғы 19 ақпан 17:01
Бөлісіңіз:
Дастан Рыспеков Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Дастан Рыспеков ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Азамат Әмірғалиев Әділет вице-министрі болып тағайындалды Жуалы аудандық ауруханасының бас дәрігері қызметінен босатылды Алматы: Гүлнар Көкебаева Жетісу ауданы әкімі болып тағайындалды

Дастан Адайұлы Рыспеков 1984 жылы Жезқазған қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін және ҚазМЗУ Алматы заң академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласындағы Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің болжамдау және түсімдер бөлімінің бас маманы ретінде бастаған.

2007-2016 жылдары Алматы қаласында Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде, Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясында, Астана қаласы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2018-2019 жылдары — Павлодар облысы кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы.

2019 жылдың сәуір айынан бастап «Астана Экспо-2017» ҰК» АҚ Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT