Дастан Оразбеков: Topjargan – таланттылардың таласқа түсіп, танылатын алаңы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Таланттылардың тобын құрған «Topjargan» жобасының екінші маусымын «Хабар» телеарнасынан әр сенбі сайын, сағат 19.20-да тамашалай аласыздар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Хабар» агенттігінің ең ауқымды жобаларының бірі, бірінші маусымы көптің көңілінен шыққан «Topjargan» музыкалық жобасының кезекті шығарылымын жіберіп алмаңыздар. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі талантты жастардың бағын ашатын музыкалық шоуын - «Хабар» арнасынан, сондай-ақ, YouTube желісіндегі ХабарShow арнасынан live режімінде, әр сенбі сайын сағат 19.20-да тамашалай аласыздар.

Жоба қатысушыларының дені талғамы мен таланты басым түскен жандар деп ағынан жарылды, төрешілер тізгініндегі эстрада әншісі Дастан Оразбеков.

«Қатысушыларымыздың деңгейі қуантатын жағдай. Көбінде заманауи әндерге тоқталып жатқаны қуантады. «Тopjargan» жобасы - талантты әншілердің алаңына айнала білді, бірталай өзін өзі көрсете алмай жүрген, таныта алмай жүрген әншілеріміге мүмкіндік сыйлай білді. Нақтырақ айтсам, Тopjargan – таланттылардың таласқа түсіп, танылатын алаңы.. Мен үшін ең қиыны – біреудің тағдырын бір жаққа қарай бұрып, ақауын бетіне айту. Бірақ біз сол үшін де төрешіміз. Оны сескеніп, егер ұялшақтап, аяушылық танытсақ - еркелікпен тамақтандыратын сияқтымыз. Сол себепті әділеттілікті алдыға қойып, дұрыс таңдау жасауға тырысып бағамын», - деді әнші Дастан Оразбеков.

Биылғы жылғы «Топжарған» музыкалық бәйгесіне шет елдік әншілер де қатысып, бағын сынауда. Есесіне, тартыстың көрігі қанығырақ, жүлденің иісі анығырақ болатыны сөзсіз. Асығы алшысынан түссін дейтін, жеңімпаз тұғырында тұрсын дейтін өз таңдауыңызды жасағыңыз келсе – әр сенбі сайын «Хабар» арнасынан көрігі қызған конкурсты тамашалаңыз.

Айта кетейік, «Topjargan» музыкалық шоуына қатысушылар жеңімпаз атану үшін өзара сайысқа түседі. Әр кезеңде оза шапқан төрт қатысушы мәртебелі орынға жайғасады және өз биігінен төмендемеу үшін бар өнерін паш етеді. Ал соңғы кезеңге жеткен қатысушылардың өнерін көрермен дауыс беру арқылы бағалай алады.

«Topjargan» музыкалық шоуын - «Хабар» арнасынан, сондай-ақ, YouTube желісіндегі ХабарShow арнасынан live режімінде, әр сенбі сайын сағат 19.20-да тамашалай аласыздар.

Соңғы жаңалықтар