«Дарын» сыйлығының үміткерлеріне тосынсый дайындап қойдық - Дәурен Абаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осы жыл - Жастар жылы болып белгіленгендіктен, «Дарын» сыйлығының үміткерлеріне биыл тосынсый әзірленген. Бұл жайлы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Осы сәтті пайдалана отырып, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланғанын хабарлағым келеді. Бұл сыйлық тәуелсіздік алған алғашқы жылдары - 1992 жылы бекітілген болатын. Ол сыйлық журналистика, әдебиет, ғылым, өнер мен басқа салалардың үздік жастанына табысталады. Сыйлықтың ең басты міндеті - талантты жастарды қолдай отырып, олардың өсу жолын жігерлендіру. Өзіңіз білетіндей, осы жыл - Жастар жылы болып бекітілген еді. Осыған байланысты «Дарын» сыйлығының үміткерлеріне тосынсый дайындап қойдық. Ол жайлы біз кейін хабарлайтын боламыз», - дейді Дәурен Абаев Хабар арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.
Министр өз сөзінде «Дарын» сыйлығына үміткерлерді қабылдау 10 тамызға дейін созылатынын еске салды.
Еске сала кетсек, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланғанын хабарлаған едік. Байқау - әдебиет, ғылым, дизайн және бейнелеу өнері, журналистика, классикалық музыка, қоғамдық қызмет, спорт, театр және кино, эстрада, халық шығармашылығы номинациялары бойынша өтеді.
- Медиа-тұлғалар мүмкіндігі шектеулі жастарға әлеуметтік роликтер түсіруді үйретуде
- Фермерлердің наразылығын көрсеткен БАҚ мәселенің шешілгенін айтпады – Абаев
- Ақпарат министрі қазақстандықтардың көлік жүргізу мәдениеті туралы айтты
- Ресей мен Украина шиеленісі Қазақстанға тиімсіз – Дәурен Абаев
-
Атыраулық волонтерлер үздіктер қатарынан көрінді
-
Қазақстан полициясы қоғамда тәртіпті сақтау үшін іске волонтерларды тартқалы отыр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам