+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы қашан табысталады

2020 жылғы 29 қазан 11:46
Бөлісіңіз:
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы қашан табысталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асхат Оралов «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы осы жылдың қараша айында табысталатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус жұқтырған Мейрамбек Бесбаев қазақстандықтарды сақ болуға шақырды Қостанай архивіне Татарстаннан құнды құжаттар әкелінді ШҚО-да тарихи-өлкетану музейінде селфи күні өтті

«Өздеріңіз білетіндей, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы соңғы 20 жылдан бері беріліп келеді. Биылғы жылы бұл сыйлыққа өтінім көктемнен бастап қабылдана бастаған еді. Қабылдау 2020 жылдың тамыз айында аяқталды. Жаңа ғана осы сыйлықтың комиссиясының отырысы болып өтті. Үкімет қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес «Дарын» сыйлығы 10 номинация бойынша беріледі», - деді Асхат Оралов онлайн режимде «Болашақ» қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен «Жастар және инновациялар» форумында.

Оның айтуынша, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын тапсыру салтанаты осы жылдың қараша айында – Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді.

Еске сала кетсек, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы 2017 жылдан бастап жыл сайын беріліп келеді. Оның алдында бұл сыйлық 2 жылда бір рет тапсырылатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT