+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Дәріханалардағы жағдайды бақылап отырмыз – Біртанов медициналық маска жайлы

2020 жылғы 20 ақпан 16:07
Бөлісіңіз:
Дәріханалардағы жағдайды бақылап отырмыз – Біртанов медициналық маска жайлы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елдегі медициналық маскалар мен өзге де қажетті құралдардың көлемі қанша екенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан Шымкент тұрғыны кешірім сұрады СҚО-да коронавирустың алдын алу мақсатында арнайы жоспар әзірленді Коронавирус: Қарағанды денсаулық сақтау басқармасы маскалар тапшылығына қатысты түсініктеме берді

«Санитарлық қызметтер мен медициналық ұйымдар үшін масканың қосымша көлемі бойынша келісім жасалды. Бұл тұрғыда бізде уайым жоқ. Маскалардың қосымша көлемі баршылық. Шикізаттың өзі Қытайда тоқылады. Бірқатар қытайлық кәсіпорын тоқтаған. ҚХР-ға кейбір материалдарды, оның ішінде жеке қорғауға арналған материалдарды кіргізуге тыйым салынған», - деді Елжан Біртанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, ведомство дәріханалардағы маскалардың жеткілікті болуын тұрақты бақылап отыр.

«Біз жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, дәріханалардағы ахуалды бақылап отырмыз. Кейбір отандық кәсіпорындардың жағдайды зерттеп алмай, дистрибьютерлерден масканы жаппай сатып алып, ҚХР-ға жөнелтуіне алаңдап қалған едік. Себебі Қытайда шынымен де маскаға деген сұраныс жоғары», - деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT