Дәріханалар дәріні 3 жыл сақтауға міндеттелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Нұр-Сұлтан қалалық департаменті дәрілік заттарды беру мен сақтау бөлігінде енгізілген жаңалықтармен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Рецептілері жазу, есепке алу және сақтау» ережесін бекіту туралы 373 бұйрықтың 17 тармағына, оған 2019 жылдың 15 сәуірінде енгізілген өзгертуге сәйкес дәрілік заттар дәрігердің қатаң рецептімен ғана босатылуы тиіс және дәріханада 3 жыл сақталуы қажет», - деді аталған департамент басшысының міндетін атқарушы Ералы Нұрғазин елордадағы №7 емханада өткен баспасөз мәслихатында.
Оның атап өтуінше, дәріханаларда дәрілік заттарды рецептімен сату Денсаулық сақтау министрлігі енгізген жаңалық емес. Ол соңғы 15 жыл бойы елімізде қолданылып келеді. Ал бұл реттегі жаңалық дәріханалар дәрілік заттарды үш жыл бойы сақтауы қажет. Ал бұған дейінгі талап мерзімі 1 жылды құраған еді.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексін жүзеге асыру аясында біздің департаменттің мамандары Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің қызметкерлерімен бірге дәрігерлермен және фармацевтермен кездесулер өткізді. Оның аясында рецепті бойынша медициналық дәрі-дәрмектерді сатудың қолданыстағы ережесін сақтау мәселелері талқыланды», - деді ол.
Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің мәліметтеріне қарағанда, Қазақстана дәрілік заттардың 7 792 атауы тіркелген. Оның ішінде 6 033 дәрі дәрігердің рецептімен, ал 1 759-ы рецепсіз сатылады.
- Алтай Көлгінов елордалық Жеңіл атлетика федерациясының президенті болып сайланды
- Нұр-Сұлтанда дабыл іске қосылады
- Елордадағы «Ramada Plaza» ғимараты ашық саудаға шығарылады
- Елордада қазынашылық қызметкерлері флешмоб ұйымдастырды
-
Алматы кардиологтары жүректі тоқтатпай күрделі ота жасады
-
Елордада МӘМС жұмысын қадағалайтын кеңес құрылады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам