+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Дәріханадағы дәрі-дәрмек бағасын арнайы топ тексеріп отырады

2020 жылғы 5 шілде 20:55
Бөлісіңіз:
Дәріханадағы дәрі-дәрмек бағасын арнайы топ тексеріп отырады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Арнайы топ дәріханадағы дәрі бағасын тексеретін болады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
1 млн науқасты қамтамасыз ететін дәрі-дәрмек сатып алынған СК-Фармация COVID-19-ды емдейтін дәрі-дәрмектің 91 түрін сатып алған Қостанай облысына дәрі-дәрмектің кезекті партиясы жеткізілді

«Халықты толғандыратын негізгі мәселелер аз емес. Дегенмен, негізгі мәселе -дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Қазақстанда 8 мыңнан астам дәріхана бар. Отандық өндіріс есебінен олардың барлығын 30 пайыз деңгейінде қамтамасыз етіп отырмыз. Қалғаны сырттан импорт есебінен әкелінеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, нарықты қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін Үкімет тарапынан бірқатар шаралар қабылданады. Атап айтқанда, бір тәулік ішінде дәрілік заттарды әкелуге біржолғы рұқсат беруге өтінім қаралуда. Дәрі-дәрмекті сертификаттау және сертификат берудің жеделдетілген рәсімдері қолданылды», - деді Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, әкімдіктермен бірлесіп, көтерме сауда қоймаларындағы дәрі-дәрмек қоры, бағасы тексеріліп, препарат бағасының көтерілуіне жол бермеу үшін дәріханаларды аралап тексеретін арнайы мониторинг топтары жұмыс істейді.

«Осының бәрін ескеруіміз керек. Қызуды төмендететін, антибактериалды, вирусқа қарсы препараттарды тек емдеуші дәрігердің ұсынысымен ғана ішу керек. Өз бетіңізше емделу қауіпті екенін өздеріңіз де естіп, біліп отырған шығарсыздар», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT