Дәрігерлері нәжістен уланып, ажал құшқан Шелек ауруханасының басшысы қызметінен кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан Шелек аудандық ауруханасының бас дәрігері үш адам қаза тапқан қайғылы оқиғадан кейін отставкаға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Бүгін Шелек аудандық ауруханасының бас дәрігері өз еркімен жұмыстан кеткенін хабарлаймын. Ол өтініш жазды, біз оны қабыл алдық», - деді өңір басшысының баспасөз хатшысы.

Еске салайық, Алматы облысында үш адам - екі сантехник пен дәрігер кәріз жүйесінің жарылуы салдарынан қаза тапқан болатын.

Бұдан бұрын қайғылы жағдай кезінде қаза тапқандардың отбасына өтемақы төленетіні туралы хабарланған еді.

Атап өтілгендей, полиция осы факті негізінде ҚР ҚК 156-бабы 4-бөлігі бойынша тексеру жүргізіп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар