+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Дәрігерлерге қолдау бұдан әрі де жалғасады – Бауыржан Байбек

2020 жылғы 21 маусым 19:48
Бөлісіңіз:
Дәрігерлерге қолдау бұдан әрі де жалғасады – Бауыржан Байбек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Instagram-парақшасында медицина қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
«Nur Otan»-ның партияішілік іріктеуі ашық әрі әділ өтуі тиіс – мәслихат депутаты

«Қай кезеңде де көнермейтін, қайта күн өткен сайын құны арта түсетін бір мамандық болса, ол – дәрігерлік. Қазіргі таңда әр адам шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап бүкіл өмір бойы осынау абзал жандардың қамқорлығында болады десек, артық айтпаймыз.

Бас ауырып, балтыр сыздамай тұрмайтын мына жалғанда әрбір жанның алдымен іздейтіні – дертке дәру, жүрекке жылу сыйлар дәрігер. Қанатымен су сепкен қарлығаштай әркез жанымыздан табылып, ауруға шипа, көңілге шуақ ұялататын да – Сіздерсіздер. Сондықтан да дана халқымыз «Әуелгі байлық – денсаулық» деп тұжырымдап, қашанда дертке дауа, көңілімізге дем берер шипагер жандарды ерекше қадірлеген.

Осынау қастерлі жолды жалғап жүрген Сіздер қандай құрметке болсын лайықсыздар», - деді ол.

Б.Байбек атап өткендей, медицина мамандары дүниені дүрбелеңге салған қатерлі індет өршіп тұрған кезеңде мылтықсыз майданның алдыңғы шебіндегі жауынгерлеріне айналды.

«Үй бетін көрмей, өз өмірлеріңізді қатерге тіге отырып, күні-түні індетпен күресіп жүрсіздер. Әрбір науқастың өмірі мен саулығы үшін жан аямай арпалысқан Сіздерге айтар алғысымыз шексіз.

Сондықтан да «Nur Otan» партиясы әрдайым ұлт денсаулығы, оның ішінде шипагер мәртебесі мәселесін өз күн тәртібінен түсірмей, басты басымдық ретінде ұстайды. Жақында қабылданған Кодекс – осының шын көрінісі.

Статистикалық деректерге жүгінсек, елімізде 74 мыңдай дәрігер, 180 мыңға жуық орта буын медицина қызметкері бар. Гиппократ антын бекем ұстанған, Отанға, елге қалтқысыз қызмет етуші қаншама тағдыр. Заманымыздың шын батырлары – дәрігерлерге Мемлекетіміз де, партиямыз да тиісінше қолдау көрсетуге ұмтылуда. Қызығы мен шыжығы қатар жүрген мына өмірде бұл үрдіс әрі қарай да жалғасын таба бермек.

Ақ халатты, абзал жүректі барша дәрігерлер қауымын тағы да құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыларына амандық, істеріне береке тілеймін. Біз біргеміз!» - деп жазды партия Төрағасының бірінші орынбасары.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT