Дәрігерлерге 73,7 млрд теңгеден астам үстемақы төленді - Болат Төкежанов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлері мен мамандарға үстемақы төлеуді жалғастыруда. Бұл туралы осы қордың басқарма төрағасы Болат Төкежанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қор эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлері мен мамандарға үстемақы төлеуді жалғастыруда. Наурыз-тамыз айларында 73,7 млрд теңге көлемінде үстемақы төленді», - деді Төкежанов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, тамыз айының қорытындысы бойынша Қор COVID-19, вирустық пневмониямен күреске тартылған 66 мың медицина қызметкеріне 17 млрд теңгеге жуық үстемақы төлейді.

Ол ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа бұйрығына сәйкес, медицина қызметкерлерінің тізімі кеңейгенін еске салды.


Соңғы жаңалықтар