Дәрігерлердің жалақысы қалай көтеріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медицина қызметкерлерінің жалақысын қалай көтеруге болатынын айтты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінде медицина саласын тиімді басқарудың арқасында біраз қаржыны үнемдеуге болады. Осыған байланысты мемлекеттік мекемелерде корпоративті басқаруға негізгі басымдық беріле бастады. Бүгінде бақылаушы кеңестердің саны артты. Ал оның құрамына медицина қызметкерлері ғана емес, кәсіпкерлер мен қоғам белсенділері де кіре алады. Барлығы бірігіп, емxананы, я болмаса, емxананы тиімді басқарып, қаржысын үнемдей алады.

«Осы аптада біз Үкіметте жаңа заң жобасына дауыс бердік. Онда бақылаушы кеңестердің мәртебесі көтеріледі. Біз медицина ұйымдарына ұжымдық басқару жүйесін енгізіп жатырмыз. Енді, емxананы жалғыз бас дәрігер емес, басқарма мүшелері басқаратын болады. Аталған жүйе бізге не береді? Әрине, мекеме жұмысының тиімділігі артады. Сосын жалақы көтеруге мүмкіндік бар. Мәселен, бүгінде мемлекеттік емxана қызметкерлері қолға 133 мың теңге алса, басқару үлгісі басқаша мекемеде 157 мың теңге алады. Демек, артық шығындарды қысқартса, медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге болады», - деді Е.Біртанов xалық алдында есеп беру кездесуі кезінде.

Айта кетейік, бүгінгі кездесу кезінде министр фаст-фудты шектеуге қатысты пікір білдірді.  Бұдан бөлек, Астанадағы перзентxанада аналарынан айырылған екі нәрестенің жағдайы жайында айтып берді.  Жедел жәрдем мәселесі де сөз болды.  Министрдің ойынша, жасанды ұрықтандыруды бюджет есебінен қаржыландырған дұрыс емес.

Соңғы жаңалықтар