+7 (701) 759 90 19
USD 379.75 EUR 415.18
RUB 5.78 CNY 54.19
Jańalyqtar

Дәрігерлердің жалақысы 2023 жылға дейін екі есеге өседі - министрлік

2020 жылғы 13 қаңтар 16:39
Бөлісіңіз:
Дәрігерлердің жалақысы 2023 жылға дейін екі есеге өседі - министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 қаңтардан бастап дәрігерлердің жалақысы орта есеппен 30%, орта медициналық қызметкерлерінің еңбекақысы 20% өсті. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақселекова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылдың қаңтар айында Елбасының тапсырмасымен дәрігерлердің ең төменгі жалақы мөлшері бір жарым есеге - 28 мыңнан 42 мың теңгеге өсті. Сонымен қатар, өткен жылдың маусым айында медициналық қызметкерлердің жалақы мөлшері тағы 30% өсті. Президенттің 19 маусымдағы бұйрығына сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап дәрігерлердің жалақысы орта есеппен 30%, орта медициналық қызметкерлер еңбекақысы 20% өсті», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақселекова министрлікте өткен жиында.

Жалақы Тегін медициналық кепілдендірілген көмек шеңберінде және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігіне байланысты есептеледі.

«Сондай-ақ, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және қызмет жеткізуші арасында келісімшарттар жасадық. Алдағы уақытта ұжымдық келісімшарттарға өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі деп күтілуде және медициналық қызметкерлерге жалақының уақытылы берілуі қоғамдық бақылауға алынады. 2023 жылға дейін дәрігерлер жалақысы кем дегенде екі есе өседі», - дейді ол.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT