Дәрігерлердің суретін салған 5 жасар сәби республикалық байқаудың жеңімпазы атанды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бүлдіршін «Адамзат сақшылары» атты республикалық онлайн суреттер байқауына коронавируспен күрескен дәрігерлердің суретін жолдаған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы қалалық білім беру бөлімі мәлім етті.

- Қалалық №24 сәбилер бақшасының мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі, 5 жастағы Вероника Луб байқаудың «Сурет» номинациясында 1-орынға ие болды. Байқауды «Mangilik el qastary» қоғамдық қоры ұйымдастырды және пандемиямен күреске қатысқан барлық адамдарға арналды, - деді білім беру бөлімінде.

Гуашьпен салынған «Ештеңеден қорықпайтын дәрігерлерге рахмет» атты суретінде Вероника дәрігерлердің пандемия вирусымен күресін және науқастарды вирустан қалай құтқаруға болатындығын өз көзқарасымен көрсеткен.

Вероника М.Катаев атындағы облыстық оқушылар сарайының «Ладошки» бейнелеу студиясына барып жүр.
- Тәрбиешімнің осы конкурсқа қатысу туралы ұсынысын мен үлкен ықыласпен қабыл алдым. Өйткені балалардың атынан осы қорқынышты аурумен күресуге көмектескен барлық адамдарға алғысымды білдіргім келді», - дейді Вероника Луб.

Байқау қорытындысы бойынша Вероника дипломмен, оның тәрбиешісі Елена Дорн өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі ерекше жауапты қарым-қатынасы үшін алғыс хатпен марапатталды.


Соңғы жаңалықтар