Дәрігерлердің басындағы жағдайды Алматы әкімі жеке бақылауына алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала дәрігерлерінің жанайқайына құлақ асып, олардың басында болған жайтты өзінің жеке бақылауына алды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Дәрігердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруге болмайды. Қала басшысы қалалық полицияға аталған деректі жан-жақты тексеріп, дәрігерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Оқыс оқиға 26 қараша күні «Таугүл» шағын ауданында болған. Көмекке барған жедел жәрдем қызметінің дәрігері соққыға жығылған. Салдарынан, қазір 25 жастағы жігіт коматозды жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Айта кету керек, жыл басынан бері Алматы дәрігерлеріне 18 рет шабуыл жасалған.

Соңғы жаңалықтар