+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Дәрігерлердің айтқанын тыңдауымыз керек – Қазақстанның бас раввині

2021 жылғы 13 мамыр 21:57
Бөлісіңіз:
Дәрігерлердің айтқанын тыңдауымыз керек – Қазақстанның бас раввині

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанның бас раввині Ешая Коген коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинация туралы ойын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда коронавирус пневмониясынан өткен тәулікте 2 адам қайтыс болды Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 103 науқастың жағдайы өте ауыр Матрица: «Сары» аймақта 3 өңір, «қызыл» аймақта 1 қала тұр

Оның айтуынша, адамдар дәрігерлердің айтқанына құлақ асуы тиіс.

«Денсаулық Құдайдан болатынын бәріміз білеміз. Бұл жауапкершілік дәрігерлерге түседі, Құдай солардың көмегімен адамдарды емдейді. Адам ем қабылдағанда, бұл оның өзіне Алла Тағаланың нығметінің арқасында келетінін түсінуі керек. Сондықтан дәрігерлерді тыңдауымыз қажет. Егер адам дәрігерлердің кеңесіне құлақ аспаса, тиісті ем мен дәрі-дәрмектерді қабылдамаса, онда ол Құдайдың өсиеттерін бұзады. Неге? Себебі денсаулықты күту – бәріміздің міндетіміз. Коронавирус – бүкіл әлемге тараған қорқынышты эпидемия. Бұл ауруға көптеген адам шалдықты. Өкінішке орай, біразынан айрылып қалдық. Коронавирусқа қарсы вакцина алу тек дәрігердің кеңесі емес. Вакцинаның арқасында бүкіл әлемде эпидемияның ақырындап беті қайтты. Оны көріп отырмыз», - деді Қазақстанның бас раввині Ешая Коген.

Сонымен қатар, ол екпе алу кезінде дәрігерлердің жеке ұсыныстарын ескеру керектігін атап өтті.

«Ия, вакцинаның жеке жағдайларға қатысты қарсы жағымсыз әсерлері болуы мүмкін. Бірақ денсаулығыңыз жақсы болса және қарсы көрсетілімдер болмаса, сіз дәрігерлерді тыңдауыңыз керек. Мен коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін алдым. Барлығы жақсы өтті. Өзімді жақсы сезінемін», - деді ол.

Спикер вакцинацияға оң қарау керектігін атап өтті.

«Мәселен, қазір көптеген ата-ана діни сенімді алға тартып, балаларын вакциналаудан бас тартады. Оның дінге еш қатысы жоқ. Дінде кез келген мәселеде мамандарға жүгіну керектігі айтылады, бұл жағдайда денсаулық сақтау мамандарына, яғни дәрігерлерге. Оның үстіне вакцинациядан жақсы нәтиже көріп отырмыз. Ол – осы жасырын вирусқа қарсы тұру үшін зерттелген екпе. Адам өзін ғана емес, жақындары туралы да ойлауы керек. Пандемияға байланысты адамдар жұмысқа барып, отбасыларын асырай алмай отыр. Сондықтан біз достықты нығайтып, бір-бірімізге қамқор болуымыз керек», - деп нақтылады Ешая Коген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT