Дәрігерлер жол апатынан зардап шеккен алматылық қыздардың жағдайын хабарлады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының мамандары Алматыдағы жол-көлік апатынан зардап шеккен қыздардың жағдайы туралы айтып берді. Апат кезінде қыздардың бірінің аяғын жұлып кеткен болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Зардап шеккендердің бірі Орталық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Осыған қарай ауруханада тиісті дәрігерлердің басқосуымен арнайы консилиум ұйымдастырылды. Мәжілістің қорытындысына сәйкес, зардап шеккен қыздың екі тізесінің жарақаттарын емдеу қажет деп табылып, ол арнайы бақылауға алынды. Ауруханаға түскенде пациенттің 3-4 дәрежеде шошынғаны анықталды. Сондай-ақ оның бассүйегіне зақым келіп, миы шайқалған. Екі аяғының тізе тұсындағы сүйектері сынған»-деп хабарлады ведомство өкілдері.

Екінші зардап шеккен адам №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Оның да бассүйегіне зақым келген. Тиісті дәрігерлердің қатысуымен консилиум өтіп, оның шешімі негізінде пациент нейрохирургия бөліміне жеткізілді.

«Екатерина қазір қалалық клиникалық ауруханада жатыр. Оған операция жасалғанымен жағдайы әлі де мүшкіл болып жатыр. Оған интенсивті терапия көмегі көрсетіліп, барлық мамандар тұрақты өткізіліп жатқан консилиумге қатысуда. Жалпы алғанда оның жағдайының дұрыстала бастағандығы байқалады»,-деп хабарлады Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының мамандары.

Ведомство өкілдері пациенттерге кепілді тегін медициналық көмек негізінде барлық қажетті көмектер көрсетіліп жатқандығын хабарлады.

«Денсаулық сақтау саласының барлық қажетті мамандары тартылды. Зардап шеккен азаматтар барлық қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамсыз етілуде. Біз олардың жағдайларын оңалады деген үміттеміз. Олай болған жағдайда зардап шеккен азаматтарға реабилитация шаралары қолданылатын болады»,-деді басқарма мамандары.

Айта кетейік, 16 маусым күні Honda маркілі кроссовері Әл-Фараби даңғылынан жылжып бара жатып, жол бойына тоқтайды. Көлік сынған кәріз қақпағын басып кеткендіктен оның доңғалағы жарылған болатын. Автомобильден шыққан қыздар өздерінің көлігі мен Toyota маркілі көлігі арасына қысылып қалған. Өйткені Toyota көлігі жолда келе жатып, көліктердің бірі артынан соғуы мүмкін деген қауіппен жодың екінші бағытына орналаса берген сәтте автобусқа соғылып, соққының әсерінен кроссоверді ұрған.

Жол-көлік оқиғасы орнына 2 жедел жәрдем қызметі жеткен. Зардап шеккендер түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар