+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Дәрігерлер жақындарына ауру жұқтырмас үшін үйіне барғысы келмейді - министр

2020 жылғы 3 сәуір 19:19
Бөлісіңіз:
Дәрігерлер жақындарына ауру жұқтырмас үшін үйіне барғысы келмейді - министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавируспен күрес кезінде өңірлерде дәрігерлерге жатақханалар мен қонақүйден орын беріледі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін мемлекеттік комиссия эпидемияға қарсы және санитарлық стандарттарды мүлтіксіз орындау, медициналық ұйымдарды мақсатты қолдану және карантиндік және провизорлық стационарлардағы медициналық қызметкерлерді карантиндік жағдайға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Яғни, науқастармен байланыста болған медициналық мамандар бұл нысандарға келмеуі тиіс», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, облыс әкімдері эпидемия кезіндегі жұмыста дәрігерлерге қонақүй мен жатақхана тауып, көлікпен және тамақпен қамтамасыз етіп жатыр.

«Дәрігерлерге тиісті тұрмыстық жағдай жасалуы керек. Бірқатар өңірлер бұл жұмысты белсенді бастап кетті. Менің ойымша медициналық мамандардың мәселелері шешіліп, күдігі сейіледі. Түсінеміз, көптеген мамандар аурудан қауіптеніп, үйлеріне барғысы келмейді. Сондықтан, бұл шешімге толық негіз бар», - деді Е. Біртанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT