Дәрігерлер үстіне ыстық битум төгілген мұғалімнің жағдайы туралы айтты

None
None
  КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай ауданында үстіне бір шелек қайнатылған қара май төгілген мұғалімнің жағдайы жақсарып келеді. Бұл туралы Ақмола облыстық аурханасының дәрігерлері айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетейік, оқиға 5 маусым күні Зеленый бор кентіндегі мектеп-гимназиясында болған. Мектептің шатырын жөндемек болған мұғалімнің үстіне айбайсызда бір шелек ыстық қара май (гудрон) төгілген. Мәлім болғандай, 1993 жылғы ұстаз төменде жүрген балаларды қатерден сақтап қалмақ болған. Күйік жарақаттарын алған ол алдымен Бурабай аудандық ауруханасына, кейін Ақмола облыстық ауруханасының травматология бөлімшесіне жатқызылды. Қазіргі кезде дәрігерлер зардап шеккен мұғалімнің жағдайы жақсарып келе жатқанын айтуда.

«Мұғалім бізге 7 маусым күні кешкі сағат 19:00 шамасында түсті. Денесінің 19 пайызы, яғни беті, мойны, қолдары және аяқтарының бастары күйген. Қазіргі кезде жағдайы жақсарып келеді. Тиісті ем қабылдап жатыр. Алдағы бір-екі аптаның ішінде ауруханадан шығарылады», - деді Ақмола облыстық ауруханасының дәрігері Елдос Қайыржанов.

 

 

Соңғы жаңалықтар