Дәрігерлер үстемеақысы дағдарыста ғана емес, жүйелі негізде берілуі тиіс - Жолдау

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлеріне екінші жартыжылдық үшін ынталандыру үстемеақысын төлеуге 150 млрд теңге бөлуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Пандемиядан туындаған дағдарыс бізді көп нәрсеге үйретті. Мәселен, дәрігерлердің еңбегін бағалауды. Ал бір кездері медициналық қызметкерлер мемлекет назарынан тыс қалған еді. Әрине, мамандықтың маңыздылығы материалдық қаражатпен бекуі тиіс. Ең жақын арадағы бюджетті нақтылауда медицина қызметкерлеріне екінші жартыжылдық үшін ынталандыру үстемеақысын төлеуге 150 млрд теңге бөлуді тапсырамын», - деді Президент.

Сонымен бірге, Президент мұны дағдарыс жағдайында ғана емес, жүйелі негізде жасау қажеттігін айтты.

«2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе артық болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар