12:47, 25 Тамыз 2021 | GMT +6
Дәрігерлер Талдықорғандағы жарылыстан зардап шеккендердің жағдайын айтты
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғандағы жарылыстан зардап шеккен 44 жастағы жұмысшының денесінің 90-95 пайызын күйіік шалған. Науқастың жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Талдықорғанда цехтағы жарылыстан зардап шеккен жұмысшының денесінің 95% күйік шалған.
«Бүгін таңғы сағат 4:00 шамасында 3 адам аса ауыр күйік жарақатымен қабылдау бөліміне түсті. Бір науқастың жағдайы өте ауыр, 93-95 пайыз күйік жарақатын алған. Қалған екі науқастың жағдайы орташа. Жансақтау бөлімінде барлық ем-шаралар жүргізіліп жатыр. Науқастардың жағдайы бақылауда»,- деді Талдықорған қалалық көпсалалы аурухананың дәрігері Ілияс Бүйрекбаев.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде Талдықорғандағы қолданылған автокөлік дөңгелектерін өңдейтін шағын цехта жарылыс болған.