Дәрігерлер: Смартфон денсаулықты жақсарта алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Смартфондар оларды дұрыс пайдалану жағдайында адамдардың денсаулығына кері әсерін береді. Бұл туралы бірқатар зерттеулер өткізген американдық ғалымдар мәлімдеді.

Оғаш көрінгенімен, смартфондардың көмегімен адамның белсенділігін арттыруға болады. Ал бұл көптеген аурулар, соның ішінде обырға шалдығу қаупін төмендетеді. Бір орында көп отыру өмір салты - кеуде, простата, аналық безі обырының пайда болуына себеп болады. Бұдан басқа, ол кәдімгі семіздікке жол ашады.

Бұл бағыттағы тәжірибелерді мамандар Америка онкологиялық қоғамының қаражатына өткізген. Тәжірибе барысында 215 еріктінің смартфондарына бір орында көп отырудың денсаулыққа зияны туралы хабарламалар жіберілген. Нәтижесінде гаджеттердің иелері бұдан белсендірек болған.

Мобильдік құрылғысына ескерту алған адамдар осындай ескертулерді алмаған бақылау тобындағыларға қарағанда 25 пайыз көп қозғалған.

Соңғы жаңалықтар