+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Дәрігерлер СҚО-да коронавирус жұқтырғандар туралы айтты

2020 жылғы 1 сәуір 23:11
Бөлісіңіз:
Дәрігерлер СҚО-да коронавирус жұқтырғандар туралы айтты

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған екі адам бұған дейін анықталған әйелмен қарым-қатынаста болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жұқпалы індетті жұқтырғандар Петропавл қаласының 1971 және 1975 жылғы тұрғындары. Екі әйел де үй карантинінде болған. Сараптама алынып, инфекцияны жұқтырғандары расталғаннан кейін науқастар алгоритмге сәйкес жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді.

Мамандардың айтуынша, олардың жағдайлары бірқалыпты. Үйлерінде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ қарым-қатынаста болған айналасы анықталу үстінде.

Бұл – СҚО-да бүгіндікке анықталған осымен үшінші жағдай. Бұған дейін Петропавл қаласының 1954 жылы туған тұрғынынан да қауіпті індет табылған болатын. СҚО Денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары Нұрлан Аймановтың айтуынша, коронавирус инфекциясы табылған әйелде пневмония ауруының белгілері болған. Қан талдауы оның ауруды жұқтырғанын көрсеткен. Онымен жақын қарым-қатынаста болған 73 адам және ауру ошағы табылған үйдің подъезі карантинге алынды. ⠀


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT