Дәрігерлер: шылым шегу коронавирустан қорғайды деген — миф

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Темекі шегушілер коронавирус инфекциясын жұқтырмайды деген мифті Алматыдағы кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ күндізгі стационарының терапевті Гаухар Қожакеева жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ДДСҰ мәліметтері бойынша, жер бетіндегі 7,5 млрд халықтың шамамен 1 млрд-ы темекі шегеді. Жыл сайын 5,7 млрд темекі шегіледі, шамамен 1 млн. тонна темекі тұқылы тасталады, деп хабарлайды The TobaccoAtlas америкалық бастамашы топ сарапшылары. Олар тек қоршаған ортаға ғана емес, сонымен қатар адамдарға да зиян келтіретіні туралы фактілерді ұсынды, себебі ол целлюлоза ацетатынан, табиғи жағдайларда іс жүзінде ыдыратылмаған өнімнен тұрады.

«Дүниежүзілік өлім-жітімнің барлық себебінің ішінде темекіні тұтынудан болатын өлім екінші орында. Сонымен қатар, темекі шегуді бүкіл әлемдегі адамдардың өлімінің себепшісі болатын факторлардың бірі деп санауға болады. Зиянды әдет адамның өмірін 10-14 жылға қысқартады.

Жалпы, темекі шегу адам ағзасының барлық органдары мен жүйелеріне, атап айтқанда жүрек-тамыр, ас қорыту, репродуктивті жүйе, көру мүшелері, зәр шығару органдарына теріс әсер етеді. Барлық мүшелер мен жүйенің зақымдануы инсульт, еріннің, тілдің, көмейдің, өңештің, өкпенің обыры, пародонтит, стоматит, СОӨА, стенокардия, қолқа аневризмасы, шашыраңқы склероз, миокард инфарктісі, гипертониялық ауру, атеросклероз, асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы, гастроэзофагеалдық рефлюкс, остеопороз, бедеулік, импотенция секілді созылмалы ауруларға әкеледі», - деді Г.Қожакеева.

Дәрігердің айтуынша, темекі шегушілерде иммунитеттің төмендеуі және өкпе тінінің зақымдануы аясында ауру көбінесе пневмонияның дамуымен ауыр формаларға ауысатыны дәлелденді. Сондықтан темекі шегу адамды короновирус жұқтырудан қорғайды деп айту дұрыс емес. Керісінше, темекі шегу ауыр аурулар мен өлімге әкелетін қосымша қауіп тудырады.


Соңғы жаңалықтар