Дәрігерлер өрмекші шаққан актердің аяғын кеспек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дәрігерлер улы өрмекші шаққан британиялық актер Мэтью Филлипстің аяғын кесуі мүмкін. Бұл туралы Manchester Evening News жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Филлипс Лас-Вегаста жүргенде оны улы өрмекші шағып алған. Қант диабетінің әсерінен туындаған жүйке ауруына байланысты актер алғашында оны байқамаған да. Аяғы қарайып, күп болып ісіп кеткеннен кейін ғана аңғарған.

Филлипс дәрігерлерге көрінгенде өрмекшінің уы аяғына тарап үлгерген. Дәрігерлер шұғыл түрде жараны тілген, алайда актердің диабеті болғандықтан ауруды басатын дәрі еге алмаған. Енді дәрігерлер оған инфекция түспеуінің қамын ойластырып жатыр.

Болжамдарға қарағанда, Филлипсті қоңыр өрмекші шағып алған болуы керек.

Соңғы жаңалықтар