Дәрігерлер маусым айының соңынан бастап 30 пайызға артқан жалақы алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Маусым айының соңында денсаулық сақтау жүйесіндегі 400 мыңға жуық адамның жалақысы 30 пайызға өседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, денсаулық сақтау саласындағы мекеме қызметкерлерінің еңбекақысы 1 маусымнан бастап көтеріледі. Олар: негізгі қызметкерлер - дәрігер, провизор, психолог, фельдшер, акушер, медбике, фармацевт, әлеуметтік қызметкерлер және басқа да мамандар; қосымша қызметкерлер - іс жүргізуші, оператор, хатшы; техникалық қызметкерлер - санитарлар, көлік жүргізуші, аула тазалаушы, қарауыл; әкімшілік қызметкерлер - есепші, программист, кадр бойынша инспекторлар; басқарушы қызметкерлер - басшылар және олардың орынбасарлары, бас есепші.

«Қызметкерлердің жалақысы «Республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын мекеме, қазыналық кәсіпорын жұмысшыларына, азаматтық қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің № 1193 қаулысы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақстандағы денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы, денсаулық сақтау жүйесіндегі «SENIM» салалық кәсіпорны және ҚР Ұлттық денсаулық сақтау палатасы арасындағы келісім негізінде көтеріледі», - деп атап өтілген ҚР ДСМ мәліметінде.

Қызметкерлердің еңбекақысы мына тәртіп бойынша өседі:

Категориялар тізімі

Жалақы, теңге

өсім

қазіргі

қосылғаны

теңге

%

категориясыз

94 095

122 323

28 228

30%

екінші

106 164

138 014

31 849

30%

бірінші

111 031

144 340

33 309

30%

жоғары

122 516

159 271

36 755

30%

Сонымен қатар, қызметкерлердің еңбекақысы олардың лауазымына, жұмыс өтілі мен квалификациялық категориясына қарай өседі.

Естеріңізге салсақ, бұл шара Елбасының 2019 жылы 27 ақпандағы «Нұр Отанның» XVIII съездінде берген тапсырмасы аясында жүзеге асуда. 2019 жылы 1 шілдеден бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақасы 30 пайызға дейін артуы тиіс еді. Кейін бұл қадам Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2019 жылдың 1 маусымына ауыстырылды.

Соңғы жаңалықтар