Дәрігерлер Маңғыстау әкімінің орынбасарына вакцина салудан бас тартты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаулық дәрігерлер ерікте түрде «Спутник-V» вакцинасын алуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірдің қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

«Дәрігер ретінде мен екпе алу дұрыс деп санаймын. Бірнеше минут бұрын маған вакцина салды. Өзімді жақсы сезінемін. Халықты вакцинациядан бас тартпауға шақырамын», - деді Маңғыстау облыстық ауруханасының директоры Жәнібек Ажмұханов.

Жәнібек Ажмұхановтың айтуынша, екпе алған барлық дәрігерлер өздерін жақсы сезінеді, ешкімде жанама әсерлер байқалмаған.

Дәрігерлерден бөлек, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова вакцинаны өз еркімен алуға шешім қабылдады. Алайда, медициналық көрсеткіштер бойынша екпені салу кейінге қалдырылды.

«Екпені салмас бұрын пациент тексеруден өтті. Тексеру нәтижесінде медициналық қарсы көрсетілімдері бар екені анықталды. Жақсарғаннан кейін екпені ала алады. Бұл жерде асығыстық танытпау қажет»,-деді №2 қалалық аурухананың дәрігері Тоғжан Нұртазаева.

Бұған дейін Маңғыстауда вакцина егетін арнайы 10 бөлме дайындалғанын хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар