Дәрігерлер күйеуі өртеп жіберген әйелдің жағдайын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық дәрігерлер күйеуі үстіне бензин құйып, өртеп жіберген әйелдің жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Зардап шегуші бізге 6 қазан күні келіп түсті. Денесінің 75 пайызын от шалып, күйіп қалған. Өте ауыр күйік шалған, жоғары тыныс алу жолдарын термоингалляциялық күйік зақымдаған. Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы өте ауыр», - деді Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының дәрігер-реаниматологы Татьяна Лебига.

Оның атап өтуінше, әйел күйген кезде қатты қорқып қалған.

«Ол есін біледі, естиді. Бірақ жағдайын бағамдай алмайды. Әйел үнемі опиоидты анальгетикте және өкпесі жасанды жолмен желдетіліп жатыр», -деді ол.

Бұған дейін елордада күйеуі әйелінің үстіне бензин құйып, өртеп жібергенін хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар