Дәрігерлер күлімсіреп жүруге күш табады - Тараз қаласының тұрғыны

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласының тұрғыны анасын коронавирустан емдеген дәрігерлерге алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Облыстық көпсалалы балалар ауруханасы (бұрынғы #1 Қалалық балалар ауруханасы) Соматика бөлімінде қызмет ететін ақ халатты абзал жандар - дәрігерлерге шын жүректен алғыс айтамын. Дәрігерлердің мейірімді қарым-қатынасы және анамның денсаулығын қалпына келтіргендері үшін рахмет», - деп жазды Тараз қаласының тұрғыны Сәуле Тұрсымбекова Instagram парақшасында .

Оның айтуынша, анасы Сара Тұрсұмбаева ІІІ топ мүгедегі, қан қысымы жоғары адам. Ол 2020 жылы 16 маусым күні екі жақты пневмониямен ауыр жағдайда ауруханаға түскен.

«Анам ауруханаға түскен кезде өкпесі 32% зақымданған және қан қысымы 150/130, ал дене қызуы 38,8 болған. Осындай жағдайда оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Аурухана ұжымы қандай жақсы! Бәрі бірі үшін, бірі бәрі үшін еңбек етуде. Тіпті қайда, не үшін жатқандарын білмейтін ауыр жағдайдағы науқастардың да тілін табуда», - дейді ол.

Тараз қаласының тұрғыны ақ халаттағы дәрігерлерді періштеге теңеді.

«Ерік өзімде болса олардың жалақысын бірнеше есе көтерер едім. Күні-түні тынымсыз еңбек етіп, өмір үшін күресуде. Соған қарамай күлімсіреп жүруге күш табады», - дейді ол.

Ол дәрігерлер мен медперсоналдарға, соның ішінде бас дәрігердің орынбасары Қуандық Әмреқұловқа, дәрігерлер Еркін Күзеев, Зухрп Түребаева, Нұрберген Беласаровқа, Біржан Шәкенге және медбикелер Сәуле Бекбанова, Күлпан Қыдырәлиева, Залина Ибраимова, Ләззат Мүленбаева, Шолпан Акматова, Ұлдана Әбілдаева, Гүлзат Шабденоваға, санитарлар Ләззат Үзбаева, Кенше Орыналиева, Наташа Акимова, Гүлжан Тоғайбекова, Ләззат Мадимарова және Жадыра Кеттебековаға үлкен алғыс айтты.

«Ұйымшыл, жауапкершілігі мол ұжымға шын көңіліммен алғыс айтамын. Әр науқасқа мейірім, қамқорлық танытқандарыңыз үшін рахмет. Басымды ием!», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар