Дәрігерлер коронавирус жұқтырған 2 жасар бүлдіршіннің жағдайы туралы айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирус жұқтырған 2 жастағы қыз баланың жағдайы туралы Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін тағы 3 адамның жұқтырғанын анықтадық. Олардың бірі 2018 жылы туған бүлдіршін балаларға арналған жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Бала Берлин-Алматы рейсімен 13 наурызда келген. Бортта 12 адам болған. Экипажбен қоса барлығы карантинге оқшауланды. Баланың жағдайы қанағаттанарлық», - деді Т.Әбілдаев брифингте.

Жұқпалы ауру жұқтырған 2 ересек адам қазір жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

«Қазір Алматыда 11 адамда коронавирус жұқпасы бар екені расталды. Олардың барлығы ДДСҰ хаттамасына сәйкес, ем қабылдап жатыр. Симптоматикалық және вирусқа қарсы терапия басталды. Бұл азаматтармен байланыста болған адамдардың барлығы карантинге жабылды», - деді ол.

Айта кетсек, Алматыда 729 адам карантинде жатыр. Тағы 760 адам үйлерінде оқшауланған.

Бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырған адам саны 27-ге жетті. Олардың 16-сы Нұр-Сұлтан қаласында болса, 11-і Алматы тұрғындары.


Соңғы жаңалықтар