Дәрігерлер коронавирус науқастарында жиі кездесетін ауруларды атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавируспен ауырып жатқан 922 науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2021 жылдың 14 шілдесіндегі жағдай бойынша, 922 науқас ауыр және өте ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Ең жоғары көрсеткіш Нұр-Сұлтан мен Алматыда, Қарағанды, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында байқалады», - деді ҚР ДСМ стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек басқармасының бас сарапшысы Бауыржан Сатыбалды ОКҚ брифингінде.

Спикер медициналық ұйымдарда жатқан науқастардың 90%-ында созылмалы, кейде 2-3-тен астам ілеспе аурулар бар екенін атап өтті.

«Науқастар арасында ең жиі кездесетін аурулар – артериалды гипертензия (47%), өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (11%), жүректің ишемиялық ауруы (10%) және қант диабеті (9%) кездеседі. Ауыр және өте ауыр жағдайдағы 922 науқастың 57,5%-ы 66 жастан асқан. Бүгінде 100 науқас немесе 13% өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - деді Бауыржан Сатыбалды.


Соңғы жаңалықтар