+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Дәрігерлер көмегімен бүкіл отбасымызбен науқастан жазылып шықтық - Қармақшы тұрғыны

2020 жылғы 2 тамыз 06:36
Бөлісіңіз:
Дәрігерлер көмегімен бүкіл отбасымызбен науқастан жазылып шықтық - Қармақшы тұрғыны

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Дәрігерлер - бүгінгі күннің батырлары деуге әбден лайық. Медицина мамандары өз денсаулығына қауіп төніп тұрғанына қарамастан халықтың денсаулығы үшін күресіп келеді». Бұл - Қызылорда облысы Қармақшы ауданының тұрғыны, зейнеткер Тамара Ешманованың жүрекжарды лебізі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда коронавирус жұқтырған  25 182  адам ем алып жатыр - ҚР ДСМ Әзербайжанның бірқатар қаласында карантин режимі жеңілдетілді Өткен тәулікте пневмониямен ауырғандар - 1102, 17 адам қайтыс болды

Оның айтуынша, алдымен жолдасы, баласы мен келіні сырқатқа шалдығып, ауруханада ем алған. Өзі үйде 10 күндей ауырып жүрген.

«Асқа тәбетім болмай, шайды ғана талғажау етіп жүрдім. Соның салдарынан ағзамда әлсіреу басталды. Оған қоса аяқ-қолым да ұйып, әбден мазам қашты. Тынысым тарылып, қалыпты денсаулығым өзгеше күйге түсті. Ауру әбден маза бермегеннен кейін дәрігерлер көмегіне жүгінуді жөн көрдім. Үйге келген жедел жәрдем дәрігерлері мені ауруханаға алып кетті. Екі медицина маманы алдымен алғашқы медициналық көмек көрсетті. Содан кейін инфекциялық бөлімдегі жансақтау бөліміне жатқызуға шешім қабылдады. Аталған бөлім меңгерушісі Әділбек Мәліков, терапевт-дәрігерлер Динара Жүсіпова, Алтынай Жүсіпова мен Наурыз Қозанов, медбикелер әр науқасқа тыным таппай көмек көрсетті. Білікті мамандар 4-5 сағат ішінде денсаулығымды қалпына келтірді. Содан кейін палатаға ауыстырды. Бас дәрігер Бақытжан Нысанбаев ұдайы бөлімде емделіп жатқан науқастардың жағдайын сұрап-біліп жүрді», - дейді Тамара Ешманова.

Ол кісі осы уақытқа дейін ақ халатты абзал жандардың еңбегі елеусіз қалып жүргенін тілге тиек етті. Қазір олар өз денсаулығына қарамастан ауырғандардың амандығы үшін күресіп жүр.

«Антына адал дәрігерлерді бүгінгі күннің нағыз батырлары десек, әбден жарасады. Бақытжан Нысанбаев басқаратын аурухана ұжымына айтар алғысымыз шексіз. Сол дертіңе шипа танытқан мамандардың арқасында ауыр індетті жеңіп шықтым. Олар қызмет барысында ем-домнан бөлек, психологиялық тұрғыдан зор көмек көрсетіп, өмірге деген құлшынысымызды арттырды. Бүгінде отбасымыз түгелдей жазылып, үйімізге аман-есен оралдық. Бұл сынақтан да аман-есен өтерімізге сенім мол», - деді Тамара Ешманова.

Сондай-ақ, Қызылорда облысында пневмонияның ауыр түріне шалдыққан науқастар саны азайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT