Дәрігерлер қолын ет тартқышқа турап алған бір жасар баланы аман алып қалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының дәрігерлері қолын жұмыс істеп тұрған электр ет тартқышқа турап алған баланы аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазір балаға ота жасалып, дәрігерлер баланың қолындағы барлық тамырларын жалғап, оны қалпына келтірді.

«Талғар аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне ауыр оң қол жарақатын алған бір жарым жасар бала түсті. Ол оң қолын жұмыс істеп тұрған электр ет тартқышқа турап алған. Операция Талғар аудандық орталық ауруханасының білікті дәрігерлері мен операциялық қызметкерлері жасады. Қазір науқас бүлдіршін интенсивті терапия бөліміндегі палатада жатыр. Оның жағдайын реаниматолог дәрігерлер бақылауда»- делінген Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар