Дәрігерлер Көктөбедегі аттракционнан құлаған баланың жағдайы туралы айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Дәрігерлер Көктөбедегі аттракционнан құлаған жасөспірімнің жағдайы тұралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бала ауруханаға түскенде дәрігерлер медициналық тексеру жүргізіп, науқаста көптеген сынықтар бар екені анықталды. Баланың 3–4 омыртқасында компресиялық сынық және сол жақ білек сүйегі,он жақ табан сүйегі мен сол аяғының тобығы сынған. Науқасқа қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілді», – деді Алматы қалалық балалар жедел жәрдем орталығының бас дәрігері Абай Құсайынов.

Сондай– ақ, ол баланың бүгінгі жағдай орташа ауыр екенін атап өтті. Қазір жасөсіпірім травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Бұған дейін, Көктөбедегі аттракционда құлаған жасөспірімнің видеосы әлеуметтік желілерде тарағаны туралы жазған болатынбыз.





Соңғы жаңалықтар