Дәрігерлер Қарағандыда анықталған ұйыма менингитіне қатысты түсінік берді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде Қарағандыдағы мектептердің біріндегі оқушыда анықталған ұйыма менингитке қатысты түсінік берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқушы қыз стационарлық емдеуде, баланың денсаулығы қанағаттанарлық деңгейде. Бастың ауруы мен желке бұлшық еттерінің қауырттылығы білінбейді. Алдын ала қойылған диагноз - вирусты этиологияның менингиті. Лабороториялық зерттеудің нәтижелері жұмыста тұр», - дейді Қарағанды облысы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Қайрат Баймұхамбетов.

Ведомствода аталып өткендей, қазіргі уақытта оқушының сыныбы бойынша эпидемияға қарсы іс-шаралар, яғни шектеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, аталмыш сыныпта оқитын өзге де оқушылар да медициналық бақылауда. Сыныпта немесе мектепте өзге де карантиндік шараларды жүргізу және балаларды алдын ала тексеру үшін қарату қажеттілігі жоқ.

Еске сала кетсек, Қарағандыдағы № 102 мектеп-гимназияның оқушысы ұйыма менингитке шалдыққан болатын.

Соңғы жаңалықтар