Дәрігерлер іш қуысы сыртына біткен нәрестені аман алып қалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттегі қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері ауыр дертке шалдыққан жаңа туған нәрестенің өмірін сақтап қалды. Сирек кездесетін дертке шалдыққан сәбиге дәрігерлер дүние есігін ашқан күні шұғыл түрде ота жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, дәрігерлер нәрестеге толыққанды тексеру жұмыстарын жүргізген. Сөйтіп «гастрошизис» диагнозын қойған. Яғни, сәбидің ішек қуысы сыртына бітіп туған. Операция кезінде хирургтар іш қуысының тарлығынан (диспропорция) тері лоскутымен ішіктерді жабу тәсілін қолданып хирургиялық ем жүргізді. Ота сәтті өтті дейді мамандар.

Туғаннан сирек кездесетін дертке шалдыққан сәбиге операцияны ауруханадағы Сарыбай Сұлтанғали бастаған білікті мамандар тобы жасап шықты.



Соңғы жаңалықтар