+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Дәрігерлер Денис Тенді неліктен аман алып қала алмағандығын түсіндірді

2018 жылғы 19 шілде 18:39
Бөлісіңіз:
Дәрігерлер Денис Тенді неліктен аман алып қала алмағандығын түсіндірді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық дәрігерлер пышақ жарақатын алған Денис Тенді аман алып қалуға барын салды. Алайда, спортшы ауруханаға жеткізілгенде клиникалық өлімде болғандықтан, оны құтқару мүмкін болмады. Бұл туралы Алматы Орталық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Ержан Құттығожин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денис Тен аурухана жеткізілгенде клиникалық өлімде болды. Жедел жәрдем көлігінде жүрек пен өкпеге реанимациялық әрекеттер жүргізілді. Реанимациялық шаралар ауруханада да 2,5 сағат жалғасты. Пациент толығымен отаға дайын болды. Бірақ, ес-түссіз жатқандықтан, клиникалық өлімде болғандықтан, отаға дейін жеткен жоқ. Өкінішке орай, ол 17:30-да қайтыс болды», - деді Ержан Құттығожин.
null

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Құрманғазы Байсейітова көшелерінің қиылысында бүгін түскі сағат 15:00 шамасында болған. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ сұғып алған. Ол оң жақ санының жоғарғы тұсына жарақат алды. 25 жастағы Тен үш литр қан жоғалтып, ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Бірақ Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов қосымша қан қажет еместігін және ресурстар жеткілікті екендігін мәлім еткен болатын. Оқиғаның мән-жайын анықтауды ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов жеке бақылауына алды.


nullnullnullnullnull

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT