Дәрігерлер: Денис Тен өте ауыр жағдайда түсті, 3 литр қан жоғалтқан

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы дәрігерлері Денис Теннің жағдайы қандай екендігін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олардың айтуынша, Денис Тен ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен.

«19 шілде күні сағат 14:56-де Жедел жәрдем стансасына Денис Тенді пышақтап кетті деген хабарлама түсті. Оқиға орнына шұғыл түрде дәрігерлер жетті. Пациент Орталық клиникалық ауруханаға шұғыл жеткізілді. Ол оң жақ санының жоғарғы тұсынан жарақат алған. Сан тамырлары жараланған», - деді дәрігерлер.

Қазіргі таңда ауруханада осыған байланысты түрлі сала мамандарының консилиум өтіп жатыр.

«Жағдайы ауыр, реанимациялық шаралар жүргізілуде. Денис 3 литр қан жоғалтқан», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, Денис Тен бүгін ауыр пышақ жарақатымен ауруханаға түскен болатын.

Соңғы жаңалықтар