Дәрігерлер Барак Обамаға диагноз қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дәрігерлер тамағы ауырып жүрген АҚШ Президенті Барак Обаманың қышқылдық рефлюксін тексерді, деп хабарлайды Reuters-ке сілтеме жасаған Lenta.ru.

«Президент диагнозы қышқылдық рефлюкске тән жұмсақ ұлпалардың қабынуы», - деп атап өтті мемлекет басшысының емдеуші дәрігері Ронни Джексон.

Ол Обаманың соңғы екі апта бойы тамағының ауырғанын атап өтті. Оның айтуынша, мемлекет басшысына тиісті ем тағайындалады.

6 желтоқсан күні Обама дәрігердің кеңесімен Уолтер Рид атындағы АҚШ қарулы күштерінің медициналық орталығына көрінуге барды. Емханада Джексонның қатысуымен оның тамағын отоларинголог маманы қарап шығып, одан кейін мемлекет басшысына компьютерлік томография жасалды. CNN-нің атап өтуінше, қаралу 28 минут уақытты алған.

АҚШ-тың барлық президенттері үшін міндетті медициналық қаралудан Обама ағымдағы жылдың мамыр айында өткен болатын. Онда Джексон 53 жастағы президенттің денсаулығының жақсы екенін айтты. Мемлекет басшысының жақсы физикалық қалпында болуын ол күнделікті жасайтын дене шынықтырумен, жақсы тамақтанумен және темекі шегуден бас тартумен түсіндірген.

Соңғы жаңалықтар