Дәрігерлер Арыста зардап шеккен әскери қызметшілердің жағдайларын мәлім етті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Арыста зардап шеккен әскери қызметшілерді Алматы қаласындағы Әскери-клиникалық госпитальдің бейінді бөлімшесіне ауыстырды. Бұл туралы хирургиялық жұмыс бойынша әскери медициналық мекемінің басшысы, медициналық қызметтің полковнигі Омаров Ғалымжан мәлімдеді.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Олардың барлығы әскери госпитальдің бейінді бөлімшесіне ауыстырылды. Оқиғадан кейін әскери қызметшілер әскери авиацианың медициналық мекемесіне жедел түрде жеткізілді. Ол өз кезегінде уақтылы қажетті медициналық көмекті көрсетуге, сондай-ақ тез арада оңалуға жағдай жасады.

21 қыркүйекте төтенше жағдай салдарын жою жəне арнайы жабдықталған полигонның аумағында (Арыс қаласынан 60 шақырым жерде) жоспарлы жару жұмыстары барысында оқ-дəрі фрагментінің өздігінен жарылысы орын алғанын естеріңізге сала кетейік.

Нәтижесінде келісімшарт бойынша арнайы дайындалған 10 сапер-әскери қызметші жарықшақтан жараланған болатын.



Соңғы жаңалықтар