Дәрігерлер Алматыда жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Дәрігерлер Алматыда жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төрт науқас Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілді. 1989 жылғы науқастың оң жақ тізесі сынған, орнынан жылжып кеткен. Екінші пациенттің сол жақ аяғының жабық сынуы байқалады. Үшінші науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Оған көкбауырдың жыртылуы, геморрагиялық шок диагнозы қойылды. Төртінші науқас амбулаториялық емдеуге жіберілді. Дәрігерлер бесінші науқасқа бастың жабық жарақаты, мидың шайқалуы, оң жақ иығының шығуы, он жақ жаңбасының шығып, орнынан қозғалып кетуі деген диагноз қойды. Ол №4 қалалық клиникалық ауруханада жатыр» , - деп хабарлады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Бұған дейін, Алматыдағы жол апатынан екі адам көз жұмғаны туралы жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар