Дәрігерлер Алматыда табылған спортшы қыздың жағдайы туралы айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы дәрігерлері өзін іздегендерден қашып құздан ұшып кеткен спортшы қыздың хал-жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спортшы қыз Анастасия Смирнова Жедел медициналық көмек көрсету ауруханасына жеткізілген.
«Бойжеткеннің тізе тұсының жұмсақ тіндері, көкірек қуысы зақымдалған. Аурухананың қабылдау бөлімшесінде қажетті мамандар көмек көрсетті. Тексеру жүргізілді. Денсаулығына қауіп туып тұрған жоқ», - деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасы.

Айта кету керек, Алматыда жоғалып кеткен 16 жастағы спортшы қыз таудан табылған болатын.

Семсерлесуден спорт шебері Анастасия Смирнова Назар есімді досымен Алматы тауларында жүрген.

«Еріктілерді көре сала спортшы қыз таудан секірген. Оның артынан іздеу тобының жетекшісі Ислам Угушев те секіреді. Екеуі биіктігі 15 метрдей жартастан құлағанда Ислам Анастасияны ұстап үлгереді. Бірақ екеуі де жарақат алып, Жедел медициналық көмек көрсету ауруханасына жатқызылды», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, спортшы қыз Қырғызстандағы спорттық жарыстан келген соң досымен кездесуге кетіп, содан үйіне оралмаған.

Ал қалалық ІІД балалардың үйден қашу оқиғаларының жиілеп кеткенін айтып дабыл қағуда.

«Ата-аналар бала тәрбиесінде ағат кетіп жатады. Жақсы тәрбие алған бала ата-анасын уайымға салмайды. Құрметті ата-аналар, балаларыңызға мұқият болыңыздар. Әйтпесе арты қайғылы жағдайда әкелуі мүмкін», - деді Алматы қалалық ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Соңғы жаңалықтар