Дәрігерлер Алматыда көлік қаққан үш адамның жағдайы туралы айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Дәрігерлер Алматыда көлік қағып кеткен жаяу жүргіншілердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Зардап шеккен адамдар түрлі дене жарақатын және травматикалық шок алған. Екеуі облыстық стационарға жеткізілді, ал тағы бар адам №7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Оның қолының білек тұсы сынып, жабық бас сүйек-ми зақымын алды. Стационарлық ем-дом алып жатыр, жағдайы ауыр», - делінген Алматы қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматы қаласында «Алтын орда» базарының қасында үш адамды көлік қағып кетті.



Соңғы жаңалықтар