Дәрігерлер Алматыда көлік қаққан үш адамның жағдайы туралы айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы көлік қаққан адамдардың денсаулығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

« Алматы №7 қалалық клиникалық ауруханаға 2 адам түсті. Біріншісіне ашық бас сүйек-ми жарақаты, мидың жеңіл дәрежеде жарақаты, бастың оң жақ сүйегінің сыну диагнозы қойылды. Жағдайы орташа ауыр. Екінші науқаста жабық бас жарақаты, мидың шайқалу диагнозы қойылды. Жағдайы орташа ауыр деп бағаланады. Үшіншісі Орталық қалалық ауруханаға жеткізілді. Оның сол аяғының тобығы, оң қол шынтағы жабық, сол қол шынтағына ашық сынған деген диагноз қойылып отыр. Жағдайы орташа ауыр», - деп хабарлады Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасынан.

Осыған дейін, әлеуметтік желіде көліктің бірнеше адамды қағып кеткен видеосы пайда болған еді.

Сондай-ақ, Алматы полициясы көліктің бірден үш адамды қаққаны туралы оқиғаның мән-жайы туралы ақпарат берген болатын.


Соңғы жаңалықтар