Дәрігерлер Алматыда көлік қағып кеткен баланың жағдайы туралы айтты

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматылық дәрігерлер Alma City тұрғын үй кешенінің ауласында Daewoo Nexia жүргізушісі қағып кеткен қыздың жағдайын бағалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы зардап шегушінің қыз бала екенін мәлім етті. Ол №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне бас, иық және аяқ жарақаттарымен жеткізілді.

«Қабылдау бөлімінде кішкентай қызды нейрохирург, травматолог және хирург қарады. Жағдайы тұрақты, есін біледі. Бас терісінде гематома болды. Рентгенография – екі проекцияда жасалды. Тексеруден және медициналық көмектен кейін ол амбулаторлық емдеуге жіберілді», - деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Daewoo Nexia көлігінің баланы қағып, ойын алаңына кіріп кеткен видеосы пайда болған.


Соңғы жаңалықтар